23.04.2025, 12:30
Оқылды: 176

Ірі жобаларды іске асыру, цифрландыру және әлеуметтік бастамалар: газ саласын трансформациялау жалғасуда

ҚР Премьер-министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қаралды. «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов компания қызметіндегі негізгі жетістіктер туралы айтып берді.

d8fb22a8-b225-421d-abf6-065fe991ab9d

🔷

Өткен жылы QazaqGaz Қазақстанның газ саласының тұрақты дамуына ықпал ететін бірқатар негізгі инфрақұрылымдық жобаларды аяқтады. Алматыда ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысы аяқталды. Жобаға екі автоматты газ тарату стансасы, TIP-04 көпірлі газ құбыры және «Алматы – Байсерке – Талғар» магистралды газ құбырының екінші желісі кірді. Санжар Жаркешовтың айтуынша, бұл бастамалар өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарта отырып, ЖЭО-ны көмірден газға ауыстыруға ықпал етіп қана қоймай, экономика мен жаңа жұмыс орындары үшін мультипликативті әсер тудырды.Жетісу облысының 66 елді мекенін газбен қамтамасыз ететін «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы белсенді жалғасуда.
Компания сондай-ақ еліміздің солтүстік-шығыс өңірлерін газбен қамту, «Орталық Азия – Орталық» магистралін күрделі жөндеу, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісін, «Ақтөбе – Қостанай» газ құбырын және КС-14 компрессорлық стансасын салу сияқты стратегиялық маңызды жобаларды іске асыруда.Халықаралық аренада 2023 жылы «Орталық Азия – Орталық» газ құбыры арқылы Ресей газының Өзбекстанға транзиті басталды. 2024 жылы жеткізілім көлемі ұлғайып, Қырғызстанды да қамтыды. 2025-2026 жылдарға арналған «Газпром» ЖАҚ-мен газ транзиті, импорты және қайта өңдеу бойынша стратегиялық келісімдер жасалды. Бұл ретте QazaqGaz газды ішкі тұтынуға зиян келтірмей халықаралық нарықтарға экспорттауды жалғастыруда.
Қашаған кен орнында сұйытылған мұнай газын ауыстырып тиеу және фракциялау зауытының құрылысын бастау маңызды қадам болды. Жоба еліміздегі сұйытылған газ тапшылығын: бірінші кезеңде – жылына 400 мың тоннаға дейін, екінші кезеңде – 700 мың тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ESTA түрік инвесторының қатысуымен құны $1,35 млрд-ты құрайтын карбамид зауытының құрылысы басталды. Галкыныш кен орнын игеруді қоса алғанда, геологиялық барлау саласында Түрікменгазбен стратегиялық келісімге қол қойылды. Газ саласының жобаларына Қатардан инвестициялар тартылды.

Әлеуметтік салада Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Шымкент пен Батыс Қазақстан облысында eGov Mobile қосымшасы арқылы атаулы және тұрғын үй көмегін алушыларға табиғи газға 24%-ға дейін жеңілдіктер ұсынуға арналған цифрлық құрал – «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы іске қосылды. Тестілеуден кейін жобаны бүкіл елімізге кеңейту жоспарлануда. Сонымен қатар QazaqGaz геологиялық барлауды күшейтуде: Ақтөбе және Маңғыстау облыстарындағы учаскелер бойынша Chevron, ҚазАзот және «ҚОР» НК-мен келісімдерге қол қойылды. Бұрғылау жұмыстары басталды, Жамбыл облысында жаңа газ кен орындары ашылды, Анабай кен орнындағы ұңғыманың жоғары өнімділігі расталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале