4.09.2023, 12:15
Оқылды: 21

Исатайды Жәңгірге қарсы қойған кім?

Біле жүріңіз!

жп орда

Ордадағы Қарауылқожа мен Исатай арасы күннен-күнге ушыға берді. Жәңгірден қолқалап жүріп, Теңіз жағалауын иемденген Қарауылқожа Исатайды ата жұртынан аластатқанымен қоймай, енді оны бүтін Ордадан қуудың әрекетіне көшті.

Мыңтөбедегі Исатай ауылы Қарауылқожаның түнде түсінен, күндіз ісінен кетпеді. Қалайда, Исатайды Жәңгірге қарсы қою мақсатында оның жүрген ізі мен істеген қылығына қарауыл қойып, бақты да отырды.

Қарауылқожа мен Исатай арасындағы дау соғысқа айналды. Өз билігін мылтықтың ұшымен білектің күшімен мойындатуға тырысқан Қарауылқожа Исатай ауылына қарулы жасақ аттандырды. Арадағы қақтығыс салдарынан бейбіт адамдар мен Исатай ауылы орасан зор әлеуметтік зиян шекті.

Ол туралы кейіннен Исатай Тайманұлы, Үсе Төлегенұлы және Тінәлі Тайсойғанұлы бірігіп, хан Жәңгірге арыз хат жолдайды, онда «1836 жылдың 24 наурыз бен 5 сәуір арасында ауылдардың Қарауылқожа қоршауында болып, қамаудың салдарынан 21 бота, 63 құлын, 14 бұзау және 272 қозының қараусыз» өлгенін жазды.

Осылай басталған ел іші дүрбелеңі, екі жақты өшпенділікке және хан Жәңгірден халқын қорғамауы – Исатай бастаған бөкейліктерді халықтық күреске шығарды.

Зұлхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале