30.11.2022, 18:31
Оқылды: 97

Ішкі істер министрі Ұлттық ұланның Оралдағы әскери бөлімінде болды

Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжанов Батыс Қазақстан облысына сапары аясында Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5515 әскери бөлімінде болды.

B69179C7-42EE-4D32-87C3-84643974FEE5

Сапар барысында министр Орал қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысты.

Ведомство басшысын Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, генерал-майор Қайрат Ақтанов, «Батыс»өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Арман Жұмағалиев және Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов күтіп алып, өңірдегі жағдайды баяндады.

Сапар барысында министр әскери бөлімнің мұражайына барып, құрылу тарихымен, қазақ батырлары, ҰОС ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, сондай-ақ бөлімнің бүгінгі қызметтік-жауынгерлік тыныс-тіршілігі туралы мәліметтермен танысты.

Тарихи анықтамаларды, мұрағаттық құжаттарды, фотосуреттер мен әскери киім және құрал-жабдықтарды сақтау, кейінгі буынға насихаттау ісін министр жоғары бағалады.

AE548BD5-236B-4330-9F04-7A3FC85E9BC6

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев бөлімнің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеті, атқаратын міндеттері жайлы және оларды орындауға жұмсалатын күш-құралдардан хабардар етті.

Өз кезегінде Ішкі істер министрі ел Президентінің Ұлттық ұланның қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірлерде тұрақтылық пен тәртіпті сақтау бойынша аса маңызды міндеттерді орындап жатқандығы туралы сөздерін еске салды.

Кездесу соңында генерал-майор Арман Жұмағалиев сенім білдіргені үшін қонақтарға жеке құрам атынан алғыс айтып, Ұлттық ұлан жауынгерлері ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға әрқашан өз үлестерін қосуға дайын екендігін жеткізді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале