5.12.2023, 11:35
Оқылды: 1112

Ішкі талдау жүргізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызмет туралы ережеге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарына сәйкес 2023 жылғы қарашада "Жайық Пресс" ЖШС экономикалық және коммерциялық секторына тексеру жүргізілді.

IMG_4104

Экономикалық және коммерциялық сектордың қызметінде бірқатар кемшілектер анықталды;
- серіктестіктің құқықтық актілері мен ішкі құжаттарына сілтеме жасалмайды, сектордың қызметі туралы ереже жоқ және әзірленбеген, сектор қызметкерлеріне лауазымдық міндеттер толық әзірленбеген.
- серіктестіктің және оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметіне байланысты қызметке бір жыл ішінде талдау ұсынылмаған және жасалмаған.
- сектор меңгерушісі өндірістің рентабельділігін, шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға, шаруашылық ішіндегі есептеуді жетілдіруге бағытталған бірде-бір міндет немесе міндеттің кезеңдерін қоймаған және ұсынбаған.
- бас бөлімшенің, оның филиалдарының жарнамалық қызметін жоспарлау және үйлестіру бойынша құжаттамалар әзірленбеген, ешқандай жарнамалық стратегия, жарнамалық қызметті жетілдіру, төлем және уәждеме жүзеге асырылмаған.
- жыл ішінде өндірілетін өнімнің (газет, жарнама) тиімділігін, рентабельділігін, сапасын арттыруға бағытталған кәсіпорынның экономикалық қызметіне байланысты ұсыныстар берілмеген.
- сектор шаруашылық ішкі есептеуді жетілдіру бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізбеді, бөлімшелерді тексеру бойынша құжаттары жоқ болды, еңбекті ұйымдастыру, еңбекақы төлеуді жетілдіру, газеттің жазылу құны бойынша ұсыныстар енгізілмеді.
"Жайық Пресс" ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ереженің негізінде 20-тармақ. пп.3 "комплаенс-офицер бас директорды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуы немесе ықтимал мүмкіндігіне байланысты кез келген жағдайлар туралы уақтылы хабардар етеді" сондай-ақ т.14.17. анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, серіктестіктің ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар енгіземін.
1. Ішкі бақылау шаралары жүйесін әзірлеу және қолдану арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін барлық себептер мен жағдайларды жою (ереже, лауазымдық міндеттер, ҚР заңнамасының нормаларына сәйкес барлық шектеулерді қабылдау)
2. Жіберілген қателерді түзетудің тиісті шараларын қабылдау ;сектордың барлық қызметкерлерінің жетіспейтін кадрлық құжаттарын толықтыруда (сектордың ережесі, қызметкерлердің лауазымдық міндеттері, еңбек шартын жасау кезіндегі жеке құжаттардың көшірмелері ҚР ЕК 32-бабы)

Комплаенс-офицер Ш. М. Мұқашев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале