8.01.2024, 12:15
Оқылды: 107

«Ит ішпес Алакөл» шайқасы

1729 жылы Қытай тарапынан кенеттен жасалған шабуылдан жоңғарлардың тоз-тоз болып жеңіліп жатқанын естіген қазақтар ата жауын бір жола жою мақсатында Балқаштың оңтүстігінде шамамен 120 шақырымдай жердегі «Аңырақай» деген жерде күтіп алуға бекінеді.

жп дала

Бұл шайқас қазақ-жоңғар соғысына түпкілікті тоқтау қойған қазақ тарихындағы ірі шайқастардың бірі еді. Оған қазақ жасақтарын Бөгенбай, Қабанбай мен Райымбек батырлар бастап кіреді.

Қазақ жасақтары дәстүрлі далалық тактиканы қолданады. Алдымен жоңғарлардың алдына аз жасақпен көрінген олар, жоңғарларға ту сыртынан үлкен күшпен келіп қансырата соққы береді.

Осылайша «Аңырақай» шайқасында жоңғарлар толықтай тізе бүгіп, ешқашан бас көтере алмайтындай шығынға ұшырайды. Сол ұрыстан соң олар енді қайтып қазақ даласына жаушылықпен келмейтіндей толық күйрейді.

Бұл шайқас кейде халық аузында «Ит ішпес Алакөл» деп те аталып жүр.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале