22.02.2024, 13:00
Оқылды: 47

Ислам дінін қабылдауға не түрткі болды?  

 

Х ғасырға дейін Қазақстанда пұтқа табынушылық кең тарады. Яғни олар көк тәңірі, жер, су, от, құдайларына табынды. Мәні жағынан келесі кезекте отбасы және балалардың қамқоршысы - әйел құдай Ұмай тұрды.

ЖП MESHIT

Содан да болар жергілікті тұрғындар өз құдайын аса құрметтейтін, сол себепті ислам дінінің таралуы баяу жүреді.

Алғаш Х ғасырдың екінші жартысында Сатұқ Боғра ханның исламды Қараханид елінің мемлекеттік діні деп жариялауы исламның таралуының бастауы болады.

Осылайша Жетісуда түріктердің 200 мың отбасы исламды қабылдап мұсылман орталықтарымен сауда жүргізіп, мұсылмандар ортасында өздеріне әлеуметтік тірек іздеулері сол кездегі саясатқа бағыныштылықтан туған еді.

Кейін ислам дінінің көшпелі түріктер ортасына енуі ежелгі түрік жазуын ығыстырып, араб графикасы негізіндегі жаңа түрік жазуының қалыптасуына әкеледі.

Егер Орта Азияда исламның енгізілуі VІІІ ғасырдың аяғында толық аяқталса, Қазақстанда бұл процесс ұзаққа созылғаны белгілі.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

(«Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жылы)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале