Кеңес Одағының батыры М.Мәметованың 100 жылдығына орай «Жас сарбаз» сыныптары арасындағы облыстық «Із кесуші» әскери-спорттық ойынында №47 ЖОББМ командасы І орынды иеленді.
Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ұйымдастырған сайысқа аудандар мен қаладан 11 команда қатысты.
Сайыс газтұтқыш кию, пневматикалық винтовкадан ату, калашников автоматын толық бөлшектеу және құрастыру, іздеу, «Түймедақ» туристік кедергілер, әскери-тарихи викториналық сұрақтар және саптық ән кезеңдері бойынша өтті.
Әскери-спорттық ойын қорытындысында жалпы 405 ұпаймен №47 ЖОББМ «Жас сарбаздары» бірінші орынға шығып, Білім басқармасының дипломы және кубок, медальмен марапатталды.
Айта кетейік, Орал қаласындағы үш мектепте – №5, №12 және №47 ЖОББМ «Жас сарбаз» сыныптары жұмыс жасайды. Жас сарбаздар қатарында 73 оқушы бар.
Білім беру бөлімінің
баспасөз қызметі