10 қазанда «Эйр Астана» әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту үшін Ақтау қаласына техникалық қону арқылы Алматы - Тель-Авив - Алматы бағыты бойынша КС-6490/6500 рейсін орындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Фото: Азаматтық авиация комитетінің facebook парақшасынан
Алматы қаласынан ұшу сағат 8:00-ге, Тель-Авив қаласынан ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған.
«Эйр Астана» әуе компаниясының ақпараты бойынша, Тель-Авив қаласының әуежайы тарапынан рейстің қону және ұшу уақытын келісіліп жатыр.