28.03.2025, 9:45
Оқылды: 46

Jibek Joly туристік пойызы: Ұлы Жібек жолы бойындағы көктемгі саяхат

20-25 наурыз күндері Ұлы Жібек жолының тарихи бағытымен жүретін танымал туристік жоба – Jibek Joly пойызының үшінші сапары өтті. Бұл жолғы сапарға 325 турист пен 20 техникалық қызметкер аттанды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті

5e993dd9341793d5ec2e557c83b2cfd0_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған саяхат туристерге көктемгі демалысты отбасымен бірге өткізе отырып, бірегей мәдени-тарихи орындармен танысуға мүмкіндік берді. Тур барысында қатысушылар Түркістан, Отырар, Самарқанд, Ташкент және Орталық Азияның ең көне қалаларының бірі – Таразға барып, өңірдің тарихымен танысты.

ead42fd859f394c7a64cd7fe88dd0f6b_1280x720 286f36f9c3b6fd278959b6605ab2ace8_1280x720 b831d77655364cb4b5b32b3f1389992f_1280x720

Саяхатқа қатысушылар үшін Тараз қаласы ерекше әсер қалдырған аялдамалардың бірі болды. Киелі Жамбыл жері қонақтарды шығыс мәдениетіне тән қонақжайлықпен қарсы алып, ұлттық тағамдар мен Наурыз мерекесіне арналған дәмдер ұсынды. Сондай-ақ жолаушылар әрбір қаланың тарихымен, мәдениетімен және гастрономиясымен жақыннан танысуға мүмкіндік алды.

Jibek Joly туристік пойызы ішкі туризмді дамытуда, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің мәдени мұрасына деген қызығушылықты арттыруда маңызы зор жоба.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале