11.09.2024, 9:45
Оқылды: 99

Кабирхан қатысқан ат бәйгесінің режиссері Көшпенділер ойынына келді

Британиялық режиссер Джонатан Эдвардс «Қазақстан» телерадиокорпорациясының шақыруымен Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына келді, деп хабарлады Ұлттық арна.

4BC4F300-2D5C-499D-BDF3-81B47404FBF3

Суреттер: Ұлттық арна

Әлемдік деңгейдегі ат жарыстары мен спорттық шаралардың режиссері 13 қыркүйек күні «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілетін бәйгенің трансляциясына режиссерлік етеді. Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының түсірлім тобымен бірге «Қазанат» ипподромында болып, корпорацияның техникалық мүмкіндіктерімен танысты.

3E49BBCF-3375-4892-BD70-643A4FE1D67C

Джонатан Эдвардс – 20 жылдан астам тәжірибесі бар спорт режиссері. Регби, бадминтон, триатлон, авто, мотоспорт, гольф, хоккей және ат спортынан халықаралық жарыстарға, оның ішінде қазақстандық сәйгүлік «Кабирхан» қатысқан Дубайдағы «Al Maktoum Challenge» турниріне режисерлік еткен.

FC7BDEA6-E138-4189-99CA-2EE0873B61EB

Көшпенділер ойындары аясындағы ат жарысы «Qazsport» телеарнасынан 13 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 9:00-ден бастап  көрсетіледі. Тікелей эфир трансляциясы арнаның You Tube, Facebook, Tik-Tok желісіндегі парақшалары арқылы таратылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале