20.10.2023, 12:00
Оқылды: 240

«Кадет» партиясы қалай құрылды?

Бұл Ресейде 1905-1917 жылдары жұмыс істеген конституциялық-демократиялық партия. Партияға либералды зиялы топтағылар мен земство өкілдері басшылық жасайды.

жп дала

«Кадет» партиясы өз бағдарламасында ресейлік патшалық билікке қарсы конституциялық құқықтық нормаларды енгізу жобасын ұсынады.

Кадеттер 1917 жылғы Ақпан төңкерісінде монархияны жақтаса, 1917 жылғы Қазан революциясында республикалық жүйені жақтап дауыс береді.

Қазан төңкерісінен кейін кеңестер билігіне қарсы күресін ашық бастаған кадеттер, сол үшін қуғынға ұшырап, қызылдар саясатында «халық жауы» деп жарияланады.

Кадеттер Ресейдегі ақ гвардияшылар қозғалысы кезінде Корниловтың әскери төңкерісін қолдайды. Алайда төңкеріс сәтсіздікке ұшырағанда, бой тасалап жасырын әрекетке көшеді.

Аталған аты шулы «Кадет» партиясының құрамында Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың болғаны да белгілі.

Ол өзінің «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген мақаласында ««Кадет» партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық» дей келе, «Кадет партиясының жолы мен ұлт автономиясының жолы қабыспайды» деп жазды.

Кешегі азамат соғысында кадеттердің бірқатар бөлігі ақтардың қатарында соғысса, екіншілері эмиграцияға кетіп, шетелде саяси қызметтерін жалғастыра берген.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале