9.04.2021, 11:32
Оқылды: 24

Қадірлі соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке –
жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де – осынау мерекенің жемісі.

 аудан аким куттыктауларына (1)

Неміс-фашист басқыншыларына қарсы ұрыста жаңақалалықтар да ерлікпен шайқасты. Осы қасиетті топырақта дүниеге келген Мәжит Жүнісов, Сәлім Айтқұлов, Садық Жақсығұлов, Есен Орақбаев Кеңес Одағының Батырлары атағына ие болды. Ұлы Отан соғысына Жаңақала ауданынан аттанған 4000-нан астам боздақтардың тең жартысы майдан даласында қалды. Қанды майданнан аман оралған майдангерлеріміз бейбіт күндері  аудан экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып, соғыс зардабынан тұралаған шаруашылықтарды көтеруге аянбай еңбек етті. Бүгінгі таңда ауданымызда көзі тірі бір ардагеріміз қалып отыр. Ол – Жаңақазан  ауылының тумасы Муса Тұманов. Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын, оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.

Қымбатты ардагерлер!

Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін!

 

Құрметпен, Жаңақала ауданының әкімі

Наурызбай Қарағойшин

 

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады.

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале