Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары лауазымына Қуанышбек Жанболатұлы Мұханғалиев тағайындалды.
Қуанышбек Жанболатұлы Мұханғалиев 1987 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «дәстүрлі музыкалық өнері», Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару», Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған. «Өнертану» магистрі.
Әр жылдары:
Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының әртісі,
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің әртісі;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері комитетінің инспекторы, бас сарапшысы;
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры;
2021 жылдан ақпан айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Тәуелсіздік сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарды.