2.11.2018, 15:43
Оқылды: 68

Қадыр Мырза Әли атындағы орталық жаңа жобаны қолға алды

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында әуесқой композитор Рахымжан Жанаисовтың шығармашылығына арналған «Ақжайық, әсем әнімсің» атты кеш өтті.

koncert

Өнер иесін Қадыр орталығы директорының орынбасары Нұржан Тасболатов құттықтап, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиевтің алғысхатын табыстады. Нұржан Қадыржанұлы «Ауылдағы ардақтылар» атты жаңа жоба қолға алынғандығын, аталмыш жоба аясында ауылда жүріп, есімі алысқа шарықтаған, өзі туған өлкенің мәртебесін асқақтатып жүрген өнерлі жандар ұлықталатындығын айтты.

Ақжайық аудандық «Мерей» мәдени-демалыс орталығында қызмет ететін Рахымжан Тілекқабылұлын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру-спорт бөлімінің басшысы Гүлбану Құлмұханова, Ақжайық ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Меңзипа Жұматова, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Қайыржан Елешев құттықтап, композитордың адами қасиеттері мен өнер саласына сіңірген еңбегі туралы естеліктерімен бөлісті.

Әсем саз тербеген әдемі кеште Нұргүл Оразғалиева, Әнуар Нұрғалиев, Рүстем Керей, Мадияр-Бақтияр Мұхамедовтер, Аслан Бақтығалиев, Айнамкөз Серікқалиқызы, Айдана Жұмағұлова, Жанат Аманғалиев секілді өнерпаздар композитордың тыңдарман жүрегінен ерекше орын алған «Туған жерім – көктемім», «Әдемі кештер», «Ағаларға ақ тілек» «Арайлы Астана», «Ақжайық, әсем әнімсің» әндерін орындады.

Аяужан КЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале