7.04.2025, 16:30
Оқылды: 632

Қадыр сарайға жаңа басшы тағайындалды

Бүгін БҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Қуанышбек Мұханғалиев Қадыр орталығы ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Бұл туралы Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының Facebook парақшасына жарияланды.

488768821_2685365871852584_75485679848353580_n

Басқарма басшысының бұйрығымен орталық директоры қызметіне Дәулеткерей  Құсайынов тағайындалды.

- Дәулеткерей Атауұлы мәдениет саласына зор еңбегін сіңірген тәжірбиелі маман. Бұған дейін осы саланың аудандық бөлімін, қала берді, облыстық басқарманың да тізгінін ұстады. Өздеріңіздің орталықтың ашылуына да үлесін қосқан азамат. Биылғы мерейлі жылда нәтижелі қызмет атқаратынына өңір басшысы Нариман Төреғалиев зор сенім білдірді, - деп Қуанышбек Жанболатұлы сәттілік тіледі.

- Бұл орталықтың әрбір шегесінің шежіресіне дейін жақсы білемін. Әрбір игі істерін естіп, көріп, сырттай сүйсініп жүремін. Қадыр ұжымына құрметпен қараймын. Жұмысымыз сәтті болсын! - деп Дәулеткерей Атауұлы жаңа қызметіне кірісті.

Құсайынов Дәулеткерей Атауұлы 

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылында 1965 жылы 21 наурызда дүниеге келді.

Алғашқы еңбек жолын 1982-1992 ж.ж. Жәнібек аудандық «Октябрь туы» газетінің тілшісі, шығармашылық бөлімінің меңгерушісі болып бастады;

- 1992-1993 ж.ж. Жәнібек аудандық халық депуттатары аудандық Кеңесінің қоғамдық ұйымдары және БАҚ жұмысы секторының меңгерушісі;

- 1992-2004 ж.ж. Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің меңгерушісі;

- 2004-2005 ж.ж. «Жәнібек аудандық демалыс орталығы» МКҚК-ның директоры;

- 2005-2006 ж.ж. Жәнібек ауданы әкімдігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі;

- 2006-2012 ж.ж. Жәнібек аудандық мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі;

- 2012-2014 ж.ж. БҚО әкімінің баспасөз хатшысы;

- 2014 ж. БҚО мәдениет, архив ісі және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары;

- 2014-2017 ж.ж. БҚО мәдениет, архив ісі және тілдерді дамыту басқармасының басшысы;

- 2017-2019 ж.ж. ҚР Ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік қызметінің басшысы;

- 2019-2021 ж.ж. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»ұлттық-ғылыми-практикалық орталығының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы;

- 2021-2022 ж.ж. Геральдикалық зерттеулер орталығының бөлім басшысы;

- 2022-2024 ж.ж. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми-практикалық орталығының баспа басқармасының басшысы;

- 2024 жылдың басынан осы кезге дейін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясымен тығыз шығармашылық байланыста болып келді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале