29.09.2023, 11:00
Оқылды: 37

Кагонович колхозынан оңтүстікке қоныс аударды

1951 жылғы декабръдегі Сталиндік қаулыға сәйкес Орда ауданынан Оңтүстік Қазақстан облысына көшкен колхоздардың бірі, Орда ауданы, Теректі ауылдық советіне қараған «Каганович» колхозы болды.

ЖП дала казталов (3)

1952 жылдың 10 сәуірінде колхозшылардың жалпы жиналысы өтіп, онда оңтүстікке баратын колхозшылардың тізімі жасалды.

Сонымен «Каганович» колхозынан Сағида Акималиева, Қанапия Аженова, Қаби Апетов, Қисым Абдрахманов, Өмирзақ Абишев, Сақып Азимова, Уркеш Алипкалиев, Ағиба Ахметова, Төлебай Аженов, Қабды Баймуханов, Мера Арыстанғалиева, Шам Бимағамбетова, Томан Бижанова, Санкібай Бөрібаев, Төлеген Бөрібаев, Сауия Бекмуханова, Максот Жубатыров, Салима Жангазиева, Сағатпай Жүндігулов, Асем Жоламанова, Утеген Жундугулов, Салима Жамалединова, Қапзима Жасыбековалар алғашқылар қатарында өтініштерін берді.

Сондай-ақ аталған жиында колхозшылар Балес Жасыбекова, Зайыр Жамалединов, Қажығали Жапаров, Халық Жунусов, Набия Жумабаева, Халел Зинешов, Назипа Ибрашева, Рахия Ибрашев, Бисенбай Кенженбетов, Ұмсын Кенженбетова, Хамен Керешов, Қаден Керешов, Садир Мустафин, Шапен Көшеккалиев, Хален Машенова, Дәмет Меңдіхалова, Нағын Оспанова, Өтеш Омаров, Жүніс Оразов, Қисым Рахметов, Ниғым Сағиров, Бирлік Салихов, Насіпханым Сатиева, Ақан Сердалиевтың жан ұялары да өтініштерін беруге мәжбүр болды.

Осылайша «Каганович» колхозынан жалпы саны 262 адам оңтүстікке баратындар тізіміне енді.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале