«Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындарында өңір намысын қорғап жатқан спортшылар арасында аударыспақ шеберлері сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Жарыстың екінші күні 80, 87, 94, 100 және +100 келі тартатын ат үстіндегі палуандар медаль таласына түсті.
Қорытындысында 100 келіде өнер көрсеткен Қайнар Құсмағұлов қарсыластарын қоғадай жапырып, ауыл спорты ойындарының чемпионы атанды.
Түгелбай Бисен,
«Орал өңірі»