8.06.2021, 18:51
Оқылды: 30

Қайырымды жандар қамқорлығы

Орал қалалық мәслихатының депутаты, жеке кәсіпкер Нұргүл Ашықова бастаған қайырымды жандар мұқтаж жанға көмек көрсетті.

8CE6D384-E7D2-4BAA-A457-1CE1127247B4

– Мен маусымның төртінде, жұма күні қалалық мәслихат депутаты Нұргүл Әжібайқызының «Nur Otan» партиясындағы қоғамдық қабылдауына бардым. Ол менің мұң-мұқтажымды мұқият тыңдап, көмек көрсету үшін жақын арада хабарласатынын айтты. Дүйсенбі күні ертеңгілік, үйге жөндеу жасап беретінін айтып хабарласты. Бір күннің ішінде шешім қабылдап, айналдырған үш-төрт күнде игі істі қолға алғаны үшін алғысым шексіз. Нұргүл Әжібайқызы мен қолдау көрсеткен өзге жандар да еңбекте жемісті болып, халықтың алғысына бөленіп жүре берулерін тілеймін, – дейді Рая Өтегенқызы. Оның сөзінше, алты ай қыс бойы жатақхана бөлмесі салқын болып, біраз қиындық көрген. Өзімен бірге сіңлісі және кішкентай екі жиені тұрады.  

8A9EDF97-EA44-46ED-9A06-A266DEB34558

– Қоғамдық қабылдауға келген Рая есімді азаматша өзінің І топтағы мүгедек екенін, бір көзінің бұрыннан көрмейтінін, екінші жанарының көруі нашарлап бара жатқанын айтып, көмек сұрады. Мүмкіндігі шектеулі сіңлісі екеуі тұратын жатақхананың бір бөлмесін жөндеуге көмек сұрады. Өзім басшылық ететін «Ләззат» жеке кәсіпкерлігі көп жылдан бері қайырымдылықпен айналысып келеді. Бұл жолы партия мүшелері әрі орталық базарда жеміс-жидек сатып, көтерме сауда жасайтын кәсіпкер әріптестерімді көмек қолын созуға шақырдым. Олар  менің сөзімді жерге тастамай, бір кісідей жұмылып, қамқорлық танытты. Жалпы «Nur Otan» партиясы мұқтаж адамдарды ешқашан назырдан тыс қалдырмай, қолұшын созып, көмек көрсетіп келеді, – дейді қалалық мәслихат депутаты.

Қайырымды жандар Рая Өтегенқызының бөлмесіне су жаңа есік қондырып берді. Енді терезесін ауыстырып, еденді жөндеп, бөлмені әктеп, дезинфекция жасамақ.

Айна Имашева,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале