29.01.2019, 16:21
Оқылды: 45

«Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы биыл да өткізіледі

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БҚО бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Ләззат Рысбекова мәлім етті. Байқауды Тұңғыш Президент қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы және «Хабар» агенттігі ұйымдастырып отыр.

ontailandyru

Жобаның мақсаты – қайырымдылық идеяларын дәріптеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту. Байқауға әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен басқаларды мейірімділікке ынталандыруға үлес қосып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. 11 ақпанға дейін еліміздің барлық өңірінде конкурсанттарды іріктеу жұмысы жүргізіледі. Лауреаттар «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында» «Қайырымдылық тарихы» номинациялары бойынша анықталады. Байқау қорытындысы ақпан айының соңында, Алғыс айту күні қарсаңында жарияланбақшы.

Айта кету керек, байқауға кәсіпкерлік субъектілері және қайырымдылық қызметті мемлекеттік қолдау арқылы жүргізетін тұлғалар қатыстырылмайды. Баспасөз мәслихатында облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Гүлдана Аргенова да байқау жөніндегі ойымен бөлісті.

Ясипа Рабаева,

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале