15.03.2024, 15:00
Оқылды: 6

Қайырымдылық күні: «AMANAT» партиясы облыстық филиалы бірнеше шара жоспарлады

Халқымыз ықылым заманнан бері мейірімділігі мен жомарттығымен көпшілікке мәлім. Қазақ жетімін жылатпаған, жат елге қаңғыртпаған, қашаннан балаларын ата-анаға, өзінен кішілерге қамқор болуға баулып отырған халық. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді», «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деген нақыл сөздер арқылы айналасындағы адамдарды мейірімділікке тәрбиеледі. Осының бәрі келешек ұрпаққа көрсетілген үлгі-өнеге емес пе?

нур ер наурыз (5)

Бүгін «Сиқырлы сандық» республикалық акциясы және «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне «Nur-Er» ат спорттық-туристік орталығында қайырымдылық шарасы өтті.

Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жас бүлдіршіндердің құрметіне өткізілген іс-шара Орал қалалық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясының фракция мүшелерінің демеушілігімен өткізілді. Орталыққа «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев қатысып, келген жас бүлдіршіндерді көктемнің мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

нур ер наурыз (2)

Аталмыш шараның басты мақсаты - ата-анасынан жырақта қалып, бүгінде мемлекеттік қарауында өсіп жатқан жетім балаларды ұлттық спортқа баулу, оның ішінде атқа отырғызуды үйрету, атты күтіп баптау, бейімдеу және садақ атуға баулу.

Орталыққа келген қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бүгінгі бағдарламаны түсіндірген Орал қалалық мәслихат депутаты, қалалық фракция жетекшісі Нұрболат Исмагулов алдымен оларға атқа қалай міну керек екендігін түсіндіріп, қауіпсіздік шаралары бойынша инструктаж өткізді.

нур ер наурыз (3)

Балаларға алдымен орталықтағы жануарлардың қыс мезгіліндегі үйін (қыстауды) көрсетіп, ішіндегі жануарлармен таныстырды. Австриялық түйеқұс, тазы ит, пони және жылқыларды көрген бүлдіршіндер оларды тамақтандыруға асықты. Сол мезетте өздерінің эмоцияларын бөлісуге асыққан балалар, алғысын білдіріп, өздеріне ұнап қалған жылқылардың аттарын айтудан жарысты.

Айта кету керек, жалпы Наурызды тойлауға арналған 10 күндіктің бүгін екінші күні, қайырымдылық, кішіпейілділік бағытына орай «AMANAT» партиясы облыстық филиалы үш бірдей шараны жоспарлады.

нур ер наурыз (4)

 «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қарттар үйіндегі қарттар мен мүгедектерді мерекемен құттықтап, сый-сияпат тарту етсе, «Бақытты отбасы» жобасы бойынша балаларды ұлттық спорт түрлерімен таныстырды, «Кедергісіз келешек» бойынша ерекше балаларды Наурыз мейрамымен құттықтап, сыйлықтар табыс етіледі.

«AMANAT» партиясы

БҚОФ баспасөз қызметі

нур ер наурыз (1)

нур ер наурыз (6)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале