15.03.2025, 15:30
Оқылды: 33

«Қайырымдылық күнінде» балаларды қуантты

Жалпыұлттық Наурызнаманың онкүндігінде наурыздың 15-сі «Қайырымдылық күні» деп белгіленді. Айтулы мерекенің екінші күнінде ел ішінде игі істер атқарылып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі.

e8f72c7d-e740-4a4a-ae1b-324aa6834d15

Қайырымдылық күнінің мақсаты – қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау. Айтулы күні түрлі қоғамдық ұйымдар, еріктілер мен қарапайым азаматтар көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, қайырымдылық шараларын өткізеді.

4c94f3a2-eb6d-4da4-af64-5b6d6e5d6dec

Мұндай іс-шаралар халықтың бірлігін нығайтып, Наурыз мерекесінің рухани маңызын арттыруға сеп болады.

625496d3-61fb-4a02-8359-37fe6cf33e3a
Наурыздың 15-сі күні Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары  Жақсылық Абдолов, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Мейрам Қабдығалиев «Көшім» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық іс-шарасына қатысты.

9f1677b2-e60b-46c0-9b89-59f4803c191c

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тәрбиеленіп жатқан мүмкіндігі шектеулі балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған ерекше шара арнаулы мекемедегі балалар мен ондағы қызметкерлердің көңілінен шықты.

Қайырымдылық күніне орайластырылған шараның басында мекеме қызметкерлері мен қызмет алушылары «Наурыз нақыштары» атты шағын концертін ұсынды. Күй төгіліп, ән шалқыған концерт қонақтарға ерекше әсер қалдырды.
– Наурызнама» онкүндігі концепциясына сай, бүгін қайырымдылық күні. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрі. Осы тұрғыда, біз дәстүрден таймай алдарыңызға келдік. Қонақ етіп қарсы алып, ұсынған концертіңіз үшін алғыс айтамыз. Баршаңызды келе өткен «Амал» меркесімен, келе жатқан әз-наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз,–деді Жақсылық Абдолов.

photo-output
Іс-шара соңында «Sauda Market LTD» ЖШС (Алтындар сауда желісі) мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті заттар мен ойыншықтарды табыстады.

Түгелбай Бисен
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале