Бәйтерек ауданы орталығы Переметный ауылында шағын футболдан қайырымдылық турнирі өтті. Спорттық шара ауыл тұрғыны Шынарай Тілекқабылқызының еміне қажетті қаражат жинау мақсатында ұйымдастырылды. Ауыл жастары ұйытқы болған игі іске Бәйтерекке қарасты ауылдар мен алыс-жақын аудан командалары қатысты.

Футбол алаңын жақсылық пен жанашырлық ортасына айналдырған аяқдопшылар додасы барысындағы әр кездесу жоғары қарқынмен өтті.
Сүйікті командасын қолдауға келген жанкүйерлер де қызықты ойыннан ерекше әсерлі алды.
Қайырымдылық турнир барысында ойыншылардың шеберлігі мен ұйымшылдығы айқын көрінді. Жарыс қорытындысында І орынды Переметный 2 командасы жеңіп алды.
ІІ орынға МФК Қараоба тұрақтаса, ІІІ орынды Атамекен ауылының жігіттері иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапатталып, кубок, дипломдарға ие болды.
Сонымен қатар, матчтар барысында өздерін жақсы қырынан көрсеткен Махмут Айнат «Үздік ойыншы» Максим Шаутенов.
«Үздік шабуылшы» номинациясын иеленсе, Құмар Нұреділ мен Нұрхат Есетовге «Үздік қорғаушы» аталымы табысталды.
Бұл қайырымдылық турнирі ауыл спортының дамуына серпін беретін маңызды шара.
Мұндай бастамалар ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайтып, жас буынды белсенді өмір салтына баулитыны анық.
Спорт додасы барысында жиналған 200 мың теңгеге жуық қаржы шынарай апамыздың еміне деп арнайы ашылған есепшотқа жолданды.
Түгелбай Бисен