20.07.2024, 21:45
Оқылды: 90

Қала тазалығына әр тұрғын жауапты

Өңір жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Орал қаласындағы «Zeta» гипермаркеті маңына сенбілікке шықты. Аталған аумақты тазарту жұмыстарына Орал қаласындағы жастар ұйымдары мен қалалық мәслихат депуттаттары да белсенді қатысты.

InShot_20240720_213634949

Мемлекет басшысының бастамасы – «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде барлық өңірде қоғамдық экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында бірқатар жұмыс атқарылып жатқаны белгілі. Сонымен қатар қоршаған ортаның ластанып жатқанына халықтың назарын аударып, тазалық шараларына шақырылуда.
Орал қалалық мәслихатының депутаты Нұргүл Ашықова акция аясындағы сенбіліктерге биыл ерекше көңіл бөлініп, қала халқы дабыл қағып, ұсыныс білдірген аумақтар қоқыстан тазартылып жүргенін жеткізді.

IMG-20240720-WA0052

– «Тазалық – табалдырықтан басталады» деген салмақты сөз бар. Осыған мән беріп, тазалықты алдымен әр тұрғын өз үйінің айналасынан бастау керек. Қоғамдық қабылдаулар мен түрлі кездесулерде тұрғындар қоқыс мәселесіне қатысты жиі шағымданады. Оған жауапты мекеме қоқыстарды уақытында алып кетеді. Енді тұрғындар да осыған жауапкершілікпен қараса, қоқысты арнайы орындарға мұқият лақтырса деген өтініш бар, – деді Нұргүл Әжібайқызы.

IMG-20240720-WA0053

Өңірдегі жастар ұйымдарының мүшелері мен еріктілер әп дегеннен іске кірісіп, гипермаркет маңындағы қоқыстарды жинады. Олардың арасында «Орал жастары» волонтерлік қозғалысының мүшесі Дастан Оразғалиев қаланың таза әрі көрікті боп тұрғаны өзімізге жақсы екенін айтты.

– Жақында еліміздегі барлық аймақтар бойынша Орал қаласы ең таза қала саналғанын бәріміз естіп-білдік. Енді бізге бұл тұғырдан таймау керек екені түсінікті. Осы ретте еріктілер боп әр апта сайын сенбілікке шығып тұрамыз. Алдағы уақытта да қаламыздың жайнап, жарқырауына атсалысуды тоқтатпаймыз, – дейді ерікті жас Дастан Еркінұлы.

Аманжол Исламғали,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале