3.06.2025, 18:00
Оқылды: 182

Қалаішілік марафон

Орал  қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай марафон өтті.  Ауқымды спорттық шараға 500-ге жуық адам  қатысты. Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев  арнайы келгендерге сәттілік тіледі. 

М Салык (1)

Саламатты өмір салтын ұстанушылардың санын арттырып, елді спортпен айналысуға шақыруды мақсат еткен жарыс барысында 16 жастан асқан тұрғындар – 5000 метр, 15 жасқа дейінгі желаяқтар 2500 метр қашықтықта бақ сынады.

Қорытындысында 2,5 шақырымға жарысқан қыздар бәсекесінде  Әдемі Батуллина жеңімпаз атанса, Айару Аманғали екінші, Яна Гагарина үшінші болды. Ал осы қашықтықта сынға түскен ұлдардан Бекнұр Масанғали алдына жан салмаса, одан кейінгі орынды Мұрат Жеңісов иеленіп, Ерлан Жасұланұлы мәре сызығын үшінші болып кесті. Бес шақырым қашықтыққа жүгіруден Айман Сәрсенғалиева жеңіске жетті. Бұл жарыста екінші орын Динара Мәжитоваға, үшінші орын Алмагүл Сатыбаеваға бұйырды. Осы қашықтықтағы ерлер бәсекесінде Илья Козловский мәре сызығын бірінші болып кессе, Оралхан Асабаев екінші, Рафхат Асылмұратов үшінші орын алды.

М Салык (2)

Мәреге бірінші болып жеткен спортшыларға велосипедтер табысталды. Сондай-ақ барлық қатысушыға естелік сыйлықтар беріліп, түрлі спорттық ойындар мен мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Түгелбай Бисен,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале