22.12.2023, 15:18
Оқылды: 67

Қалай ақша үнемдеп 2024 жылға сақтандырылуға болады?

МӘМС жүйесінде сақтандырылып үлгермеген азаматтар бұл мүмкіндікті қалт жіберіп алмау керек. Олар желтоқсан айының соңына дейін жарна төлесе, жаңа жылмен салыстырғанда 9 000 теңге кем төлейді.

67bf1f2a-b4b8-46dc-8794-acfc5f88ee21

2023 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 70 000 теңге. Яғни дербес төлеушілер ай сайын 3 500 теңге жарна төлейді (1 ЕТЖ-ның 5%) – немесе жылына 42 000 теңге. Банктер осы соманы жылдың соңына дейін алдағы 12 айға жарна ретінде қабылдайды. 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 000 теңгеге дейін өсетіндіктен, бұл төлем 51 000 теңгеге дейін ұлғаяды.

«Сақтандыру мәртебесін алу үшін өткен немесе алдағы 12 айларға төлем болу керек. Екінші жағдайда төлеушілер алдағы жылға мәртебе алады. Яғни, қазір алдағы бір жылға сақтандырылу үшін 2024 жылдың қаңтарынан желтоқсанға дейінгі аралыққа жарналар төлеп шығу керек», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Забира Оразалиева.

Осылайша 2023 жылдың желтоқсан айында сақтандырылған мәртебесін алған дербес төлеушілер 9 000 теңге үнемдей алады.

Сақтандыру мәртебесін келесі жолдармен тексеруге болады:

Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

fms.kz ресми сайты

Telegram-дағы @SaqtandyrýBot

1414 байланыс орталығы

Damumed мобильді қосымшасы

Halyk мобильді қосымшасы

BCC.KZ мобильді қосымшасы

Kaspi.kz мобильді қосымшасы

egov.kz электрондық үкімет сайты – «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры БҚОФ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале