19.12.2022, 14:15
Оқылды: 49

"Қаламгерлер" алаңы ашылды

Оралда Тәуелсіздік мерекесі аясында "Қаламгерлер" алаңы ашылды.  Демалыс алаңы қарусыз майдан қаһармандарының құрметіне арналған.

 

1671437158269

13 мың шаршы метр жерге арнайы тас төселіп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы салынған. Алдағы уақытта мың метр веложолақ, воркаут пен ойын алаңы бой көтереді. Бұл жерде жергілікті қаламгерлердің құрметіне белгітас та қойылған.

IMG-20221219-WA0124

Белгітасты өңір әкімі Нариман Төреғалиев пен ақын, жазушылар одағының мүшесі Дариға Мұштанова ашты.

IMG-20221219-WA0130

-Қоғамда ақын-жазушылармен бірге ұлт зиялыларының алатын орны бөлек. Қаламгерлердің қадір-қасиетін арттырып, төрден түсірмей құрметтеген елміз. Қаламгерлеріміз қазақ халқын дүниежүзіне туындылары арқылы танытуда. Бүгінгі ашылған белгі тас жерлес қаламгерлердің рухына бағышталған тағзым деп білеміз. "Өлі разы болмай, тірі баймайды" дейді, тағылымды шаралар жиі өтуі керек, - деді өңір басшысы алаңның ашылуында.

-Өздеріңіз куә болып тұрған "Қаламгерлер" алыңының ашылуы қасиетті Желтоқсан айына тұспа тұса келуі тегін емес. Өйткені Қазақстан Жазушылар Одағын ұзақ жыл басқарған Жұбан ағамызбен Желтоқсан оқиғасын ажыратпай айтатын халықпыз. Жұбан мен Желтоқсан егіз ұғым. Белгітас дүниеден өткен Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мырза Әли, Сағынғали Сейітов, Тайыр Жароков, Сағат Абдуғалиев секілді ақын жазушылардың құрметіне қойылды деп қабылдайық. Бұған дейін Қазақстан Жазушылар Одағын облыстық филиалы атынан қаламгерлер бағын ашу жөнінде ұсынысын бердік. Бүгін нәтижесін көрдік. Облыс және қала әкімідігінің басшылығына барлық қаламгерлер атынан алыс айтамын, - деді Қазақстан Жазушылар Одағы облыстық филиалы төрағасы Бауыржан Халиолла.

Динара Тілекқызы,

Сурет БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен

zhaikpress.kz

1671437333964

IMG-20221219-WA0128

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале