18.06.2024, 12:15
Оқылды: 50

Қалдығайтыдан шыққан бай Жоламан Жалмағанбетов туралы не білеміз?

Батыс Қазақстан облысы бойынша 1928 жылдың 27 тамызындағы Үкімет қаулысымен тәркілеуге жатқызылған байлардың бірі – Жоламан Жалмағанбетов болатын.

жп дала

Архивтік құжатта оның жеке ісі туралы жазба былайша толтырылған: «Жалмағанбетов Жоламан – 70 жаста. Руы – алаша. Қалдығайты ауылы, Қаратөбе ауданы, Орал округі.

Тәркілеу тізімінде (газетте жарияланған-З.Ш) Жоламанов Жалмағанбет деп көрсетілгенмен, архив дерегінде ондай адамды кездестірмедік.

Біз тапқан бір парақта Жалмағанбетов Жоламан деген кісіге меморандум толтырылған. Шамасы екеуі бір адам болар, тек аты-жөндері алмастырылғаны болмаса деп, топшыладық.

Онда: «Бай тұқымы. Мал және егін шаруашылығымен айналысқан. 50 жылқы, 25 түйе, 300 ірі қара, 600 қой, 25 десятин егістік жер, 2 күймелі арба, 1 жер үй, 1 соқа, 1 косилка, 1 борон. Кеңестік үкіметке қарсы үгіт ұйымдастырады деп, саналады» делінген.

Осылайша Жоламан Жалмағанбетовтың мал-мүлкі тәркіленіп, отбасымен тұрған жерінен жер аударылады, әлі күнге ақталмады.                                                                               

Зұлқожа Шарафутдинов

(Байлар қалай тәркіленді, Орал қ. 2024 ж.)

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале