3.06.2024, 11:30
Оқылды: 247

Калифорния штатында орман өртеніп жатыр

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртеніп жатыр. Осы уақытқа дейін қызыл жалын 4 мың гектардан астам алқапты шарпып үлгерген. Бұл туралы 24.kz жазды.

D74B752C-5000-4523-8207-70AEBC88C055

Сурет видеодан скрин

Мамандар аймақтағы аптап пен желдің күшеюі себепті өртті сөндіре алмай жатыр. Лаулаған отпен арпалыс кезінде 2 адам зардап шеккен. Қазір қауіпті аймақтағы тұрғындар жаппай көшіріліп жатыр. Оларды жайғастыру үшін бірнеше орталық ашылған.

Мамандардың болжамы бойынша желдің кесірінен Калифорниядағы өрт алдағы күндері одан сайын өрши түседі.

– Өрт жылдам тарап жатыр. Осы уақытқа дейін тек 10%-і ғана бақылауға алынды. Қатты жел мен құрғақ ауа райы отты сөндіруге айтарлықтай кедергі келтіріп жатыр, - дейді өрт сөндіру департаментінің басшысы Джош Сильвейра.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале