24.01.2022, 16:15
Оқылды: 52

Калифорниядағы атыс кем дегенде 4 адамның өмірін қиып кетті

Калифорния штатында Инглвуд қаласындағы үй кешінде болған атыс кезінде кем дегенде төрт адам қаза тауып, тағы бір адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBS телеарнасының жергілікті бөлімшесіне сілтеме жасап.

220124072350798e

Оқиға жексенбі күні таңертең болған. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, бірнеше адам оқ атқан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале