Орал қаласындағы №2 бағыттағы қоғамдық көлікпен «Ет комбинаты» ауданына бара жатқанбыз. «Әмбебап» дүкені аялдамасынан аутобусқа мінген бір бойжеткеннің көлік қозғалысымен «Тоқтаңызшы, есікті ашыңызшы» деп жан ұшыра айқайлағаны. Жолаушылар толы аутобуста бір мезетке сілтідей тыныштық орнағандай. Жүргізуші көлікті амалсыз тоқтатып, есік ашылысымен әлгі бойжеткенмен қатар екі-үш адам түстік. Жыламсыраған қыздың сөзінен ұялы телефонын ұрлатып алғанын ұқтық. «Әкемнің несиеге әперген сыйлығы еді, енді не деп айтамын?» деп ішкі ойын да ақтарып салғаны. Қос жанары жәутеңдеп, өзіне жәрдем болуға талпынған жандардан үміт күтетіндей. Оның айтуынша, аутобус аялдамаға тоқтап, жолаушылар түсіп-мініп болғаннан кейін есік жабылар сәтте бір адам телефонын алып кетіпті. Дәл сол мезетте бойжеткен ұялы телефоннан құлаққап арқылы әуен тыңдап тұрған екен. Дереу полицияға қоңырау шалдық... Ертесіне менің телефоныма қоңырау түсті. Криминалисттер екен. Ұры ұсталып, телефон табылыпты.
Бұл оқиға осыдан бес жыл бұрын болған. Қазіргі жағдай қандай? Қалада қалта ұрлығы толастады ма екен? Осы тақырыптағы сауалдарға жауап іздеп көрдік.
Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 13 шілдедегі №56 санынан оқи аласыздар.
Сырымбек Жәрдемұлы,
zhaikpress.kz