Камбоджада қонақүй-казинодағы өрт салдарынан кем дегенде он адам қаза тапты, - деп хабарлайды South China Morning Post.
Оқиға танымал жағажайлы елдің батысындағы Бантеаймеантьей провинциясының Пойпет қаласындағы Grand Diamond City кешенінде болған. Камбоджалық полицейлердің мәліметінше, өрт 28 желтоқсанда жергілікті уақытпен 23:00-де қонақүйде басталған.
Өрт салдарынан 10 адам қаза тапты, тағы 30 адам күйіп қалған және ыстан уланған. Өрт шыққан ғимараттың ішінде 400-ге жуық адам болған, олардың арасында шетел азаматтары да бар.