4.05.2021, 0:26
Оқылды: 183

Қан қысымын дәрісіз түсіріңіз

Гипертония немесе жоғары қан қысымы – ағзадағы жүректің жұмыс жасауына кедергі келтіретін бірден-бір факторлардың бірі. Біз үй жағдайында қан қысымын түсіруге көмектесетін өнімдер туралы айтпақпыз. Алайда бұл кеңестердің пайдасы бола тұра, дәрігерге көрініп, кеңес алғаныңыз абзал.

7E4C6CB8-0149-4772-96CA-70F19CEFA228

 Лимон шырыны және ақжелкен

Лимон шырыны мен ақжелкеннің қосындысы несеп айдағыш қасиетке ие. Ағзадағы артық сұйықтықты шығару арқылы өзге де зиянды токсиндерді шығарып, қан қысымының төмендеуіне көмектеседі.

Қажетті заттар:

1 лимонның шырыны;

1 стакан су;

1 ас қасық туралған ақжелкен (10 г).

Дайындау тәсілі: Бұл өнімдерді  блендер ыдысына салып, араластырыңыз. Қарсы көрсетілімдер болмаса, күніне 1 стаканнан ішуге кеңес беріледі.

Сарымсақ

Көптеген мамандар сарымсақты қан қысымын ретке келтіретін бірден-бір құрал деп санайды. Ол сонымен қатар қандағы холестерин құрамын да азайтады. Ол үшін күніне кем дегенде 2-3 тілім сарымсақты жеуіңіз қажет. Оны ыстық су құйылған ыдысқа бірнеше сағатқа салып қойып, ішсеңіз де пайдалы.

Сұлы жармасы

Сұлы жармасында тағам талшықтары өте мол ұшырасады. Жасұнықты пайдалану да қан құрамындағы холестериннің 5%-ға азаюына түрткі болары анық. Сұлы жармасын таңғы асқа тұтыну қан қысымын ретке келтіреді.

Ащы шоколад

Ащы шоколад құрамында (какао мөлшері 70%-дан кем емес) флаваноид секілді белсенді құралдар бар. Олар қан қысымын ретке келтіріп, ағзаға пайда әкеле алады. Бұл жерде шоколадтың ащы болғаны маңыздырақ, какао мөлшері көп болғаны анағұрлым пайдалы. Ал сүтті шоколад пайдасыз.

Зәйтүн майы

Өзге де пайдалы өнімдерден бөлек зәйтүн майы да қан қысымын реттеуге жәрдемдесе алады. Ол атақты «Жерорта теңізі диетасының» ажырамас бөлігі. Сондықтан да қандағы холестеринді азайтуға әрі сусамырды бақылауға жақсы көмек бере алады.

Қызыл болгар бұрышы С дәруменінің аса көп мөлшерін өзінің құрамында сақтайды. Гипертония (қан қысымының артуы) ауруына шалдыққандардың бұл тағамды міндетті түрде пайдаланғандары жөн. Егер күніне 2 дана қызыл бұрыш жейтін болсаңыз, организмдегі С дәруменінің орнын толтырады.

Асқабақ дәні ағзадағы цинктің азаюынан сақтайды және инфаркттан құтқарады. Күніне 20 грамнан жеген жеткілікті.

Көк шайды үнемі ішіп жүру керек. Оның құрамында холестеринді ерітетін антиоксидант бар және организмнің тозу үдерісіне жол бермейді. Қан қысымының көтерілуін болдырмайды. Сондай-ақ көк шайға лимон шырынын да қосқаныңыз жөн.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале