Кардиолог Ирина Васильева қан қысымын дәрі-дәрмексіз де түсіруге болатынын айтты. Ол Telegram арнасында гипертониямен күресуге арналған төрт әдісті атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: istockphoto.com
Ирина Васильеваның сөзінше, қан қысымын бақылау үшін салмақ тастау керек. Сондай-ақ, ішімдіктен толық бас тарту немесе оның мөлшерін азайту да маңызды.
Дәрігер аптасына бірнеше рет аэробикалық жаттығулар жасауға да кеңес берді. Жаттығу ұзақтығы күніне кемінде 30 минут болуы керек.
Қорытындылай келе, маман рационнан тұзды да азайтуға шақырды.