Канададағы Ватерлоо университетінің профессоры Анита Лейтон қан қысымын төмендету үшін рационға бір жемісті қосу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: pixabay.com
"Зерттеулер рационға калийге бай тағамдарды қосу қан қысымына оң әсер ететінін көрсеткен", - деп түсіндірді Анита Лейтон.
Профессор күнделікті мәзірге калийге бай бананды қосуды ұсынды. Сонымен қатар бұл микроэлемент брокколи, авокадо, лосось және сояда кездеседі.