26.02.2022, 12:30
Оқылды: 43

Қанат Ислам кәсіпқой бокста тұңғыш рет жеңіліс тапты

Бүгін қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіпқой бокста тұңғыш рет жеңіліс тапты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

191014162931713e

Ол WBO Global чемпиондық белбеуін үшін британдық Джимми Келлимен (25-2, 10 КО) жұдырықтасты. 10 раундқа созылған жекпе-жек қорытындысында төрешілер бірауыздан Келлиді жеңімпаз деп тапты. Осылайша, қазақстандық кәсіпқой боксшы алғаш рет қарсыласына жол берді.

Жекпе-жек кеші Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам алғашқы жоспар бойынша 2022 жылдың 21 қаңтарында жұдырықтасуы керек болатын.

Алайда, коронавирус шектеулеріне байланысты жарыс кейінге шегерілді. Джимми Келли соңғы кездесуін өткен жылдың 12 желтоқсанында өзінің отандасы Гарри Мэттьюспен (16-50-3, 2 КО) өткізіп, қарсыласын нокаутқа жіберген.

Ал Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін өткен жылы 20 ақпан күні Майамиде өткізді. Эквадорлық боксшы Джейсон Миндумен (14-5-1, 8 КО) болған жекпе-жектің жетінші раундында қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале