9.10.2025, 13:00
Оқылды: 67

Қандай жағдайда сақтандыру мәртебесінен айырыласыз? МӘМС жауап берді

Қазір елімізде азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесін жоғалту қаупі туралы 1414 нөмірінен SMS ескертулер жіберіліп жатыр.

dd5fc70b-113b-419e-ac8f-2af992ab27e3

Бұл хабарламалар маусым айында соңғы рет жарна төлеген азаматтарға жолданып жатыр. Егер төлем уақытында жүргізілмесе, үш ай өткеннен кейін азамат сақтандыру мәртебесінен айырылуы мүмкін.

Өз мәртебеңізді тексеру үшін:

- ӘМСҚ ресми сайтына кіріңіз;
- Qoldau 24/7 қосымшасын пайдаланыңыз;
- Telegram-бот: SaqtandyryBot арқылы тексеріңіз;
- eGov Mobile, Damumed немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы да қолжетімді.

 ӘМСҚ Батыс Қазақстан

облыстық филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале