ҚР Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі консулдық қызметтерінің өкілдеріне «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін таныстырылды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жүйе қандас мәртебесін беру мен «Ата жолы» картасын ұсыну қызметін көрсетеді.
Шараға Қырғызстан, Пәкістан, Грузия, Астрахань (Ресей Федерациясы), Польша, Румыния, Беларусь, Тәжікстан, Молдова, Әзірбайжан, Чехия, Өзбекстан, Франция, Австрия, Армения, Венгрия, Иран, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, Берлин, Майндағы Франкфурт, Бонн (Германия), Вашингтон (АҚШ), Стамбул (Түркия) қалаларының консулдары қатысқан.
«Қандас» жүйесіне барлығы 29 шетелдік мекеме қосылады.
Бүгінгі күні Австрия, Ұлыбритания, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Моңғолия, Мәскеу (Ресей Федерациясы) консулдықтары жүйеге қосылса, қалған елдер осы аптаның аяғына дейін қосылады.