"Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақ халқына қолдау білдірді", - деп хабарлайды Prosports.kz.
Фото: prosports.kz
«Қазақстан халқы үшін дұға етемін. Атырау мен Орал, біз сіздермен біргеміз», – деп жазды «Канело» Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстанның туын қосып.
Айта кетейік, Қазақстанның су тасқынынан ең көп зардап шеккен қалалары – Атырау мен Орал.
Сауль Альварес келесі жекпе-жегін 5 мамырда – мексикалық боксшы Хайме Мунгуиға қарсы өткізеді.