6.09.2022, 15:00
Оқылды: 45

Қант зауыттарына шикізаттың 3 айлық қорын сатып алуға ақша беріледі

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Үкімет кулуарында қант нарығындағы айналым схемасы қалай өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8

Фото дереккөзі: ortcom.kz

«Үш апта бұрын уеде бергенімдей, бүгін мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің жұмысы бойынша жаңа схеманы таныстырдым. Бүкіл ақшаны бір уысқа шоғырландырамыз. Яғни, әңгіме 50 млрд теңге туралы болып отыр. Бізде 4 зауыт бар. Олар жылына 700 мың тонна қант өндіре алады. Бірақ қант қызылшасынан емес, құрақтан жасайды. Қазақстанға 530 мың тонна қант керек. Сонда қажет болса, экспорттай да аламыз. Бірақ енді ол проблемалы мәселе. Өйткені маңайымыздағы елдердің бәрі қант өндіреді. Сондықтан сыртқа сатуымыз екіталай», -деді министр.

Оның мәліметі бойынша, Қазақстанның өзіндегі өндіріс қуаты ішкі нарықты қантпен қамтамасыз етуге толық жетеді.

«Халық 230 мың тоннасын ғана тұтынады. 200 мың тоннаны шырын өндірушілер алады. Кондитерлік өнім өндірушілер 80 мың тонна қант тұтынады. Біз зауыттарға 3 айдың шикізатын сатып алуға ақша береміз. Қазір ол жұмысты ұйымдастырып жатырмыз. Тағы бір аптадан кейін зауыттардың шотына қаржы түседі. Олар бразилиялық қант құрағының 3 айлық көлемін сатып алады. Бұл аталған зауыттар жыл бойы шикізатпен қамсыздандырылады деген сөз», - деп түсіндірді Серік Жұманғарин.

Айтуынша, зауыт иелері мұндай схема шынымен іске асса, жыл бойы қан бағасын көтермеуге келісіп отыр.

«Олар осы схема жұмыс істесе, жыл бойы қанттың зауыттағы бағасын өсірмеуге кепілдік береміз деп отыр. Айтуларынша, ең жоғары баға 460 теңге болады Яғни, зауыттан қант 460 теңгеден қымбатқа шықпайды және ол қант бүкіл Қазақстанға жеткілікті болады. Баланс қазір былай, 550-450 мың тонна шикізатты өзіміз өндіреміз. 100 мың тоннаны импорттаймыз», - деді Сауда және интеграция министрі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале