5.02.2022, 15:30
Оқылды: 39

Қаңтар трагедиясы: Үш аптада 747 қару, 18 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленген

ҚР Ішкі істер министрлігі қаңтар трагедиясынан кейінгі іздестіру шараларының қорытындысы бойынша 747 қару, 18 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленгенін мәлім етті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

210911001807983e

«Үш аптада Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында ұрланған қарудың басым бөлігі тәркіленді. Қазіргі уақытта жалпы саны 747 қару мен 18 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.

Мәселен, 5 қаңтарда Алматыда қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған Жамбыл облысының 33 жастағы тұрғыны 30 қаңтарда ұсталды.

Атап айтқанда, ол дүкен есігіндегі темір торларға кабель байлап, «ВАЗ-2114» автокөлігімен тартып жұлып алған. Осыдан кейін күдікті екі тегіс ұңғылы және екі ойық ұңғылы мылтықты иемденген», - деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Министрліктің ресми мәліметі бойынша, кейбір күдіктілерден күш құрылымдарына тиесілі бұйымдар мен құралдар тәркіленген.

«Алматыда қаланың 4 тұрғыны ұсталды. Олардан қару-жарақ дүкенінен ұрланған 10 мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді. Сонымен қатар, олардан күш құрылымдарының қызметкерлерінен ұрланған оқ өткізбейтін кеудешелер, қалқандар мен дулығалар тәркіленді.

Күдіктілер соттың санкциясымен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қарулар жасырылған орындарды табуға бағытталған жедел іс шаралар жалғасуда», - деп жазылған министрліктің мәліметінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале