20 шілде күні елордадағы Нұрлы жол вокзалында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай арнайы безендірілген жолаушылар пойызы жолға аттанды. Бұл туралы Qazaqstantv жазды.
Сурет: Qazaqstantv
«Қаныш Сәтбаевтың қызметі Жезқазған қаласымен тығыз байланысты болғандықтан №65/66 «Астана-Жезқазған» бағытындағы пойыз арнайы рәсімделді. Рәсімделген пойыз күздің басына дейін күнара қатынайтын болады», деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Биыл ғалым-геолог, металлогения ғылымының және мектебінің негізін қалаушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті және академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр.