16.05.2025, 11:00
Оқылды: 181

Қар барысы Катон-Қарағай ұлттық паркінде фототұзаққа түсті

Катон-Қарағай ұлттық табиғи паркінің Аршаты орманшылығында қар барысы фототұзаққа түсті. Фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан, - деп жазады Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жазды. 

6f4f35d389ed8c44b3ff3866c2e14ae5_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қар барысы (Panthera uncia) бейнеленген бірегей кадрлар алынды.

Бұл дерек табиғатты қорғау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсететін маңызды дәлел болып табылады. Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале