«Қазгидромет» болжамы бойынша Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп жазды Ұлттық арна.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады.
Ақтөбе облысының солтүстігіндегі жолда көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.