23.09.2025, 20:00
Оқылды: 134

Қар, жаңбыр мен тұман: Қазақстанды 24 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Қазақстанда алдағы сәрсенбі, 2025 жылғы 24 қыркүйекте ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Погода жп

Болжам бойынша, елдің тек батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон ықпалында болады. Онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер жаңбыр мен найзағай әкеледі, ал шығыс пен оңтүстік-шығыста – нөсер жаңбыр жауады. Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашын, түнгі сағаттарда кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Республика бойынша желдің күшейіп, еліміздің оңтүстігінде – шаңды дауыл, ал оңтүстік пен шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түседі", - делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі бар:

жоғары өрт қаупі – Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында;

төтенше өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале