23.08.2023, 12:45
Оқылды: 41

Қара халықты ата қоныстан көшірген қаулы

 

Біле жүріңіз!

Нарын аймағын 49 жылға жалға алу және әскери сынақ аймағында отырған колхоздарды өзге жерге қоныстандыру туралы 1951 жылы 21 желтоқсанда Соғыс министрі Сталинның қаулысы шықты.

жп дала

Қаулыға сәйкес  Оңтүстік Қазақстан облысының мақта егетін аудандарына 300 шаруашылықты көшіру, оның ішінде Жаңақала ауданынан 125 шаруашылық, Орда ауданынан 175 шаруашылықты көшіру жоспарланды. Аталған шаруашылықтарды ұйымдастыруды Жаңақала  және Орда аудандық атқару комитеттерінің төрағалары Уалиев пен Уайсовқа тапсырды. Қысқа мерзім ішінде қоныс аударуға ниет білдірген колхоздар мен колхозшыларды анықтап, көктемгі егіс басталғанға дейін жоспарланған жерлерге жеткізу міндеттелді. Осылайша Орда ауданынан үш колхоз «Интернационал», «Каганович», «Калинин» және Жаңақала ауданынан екі колхоз «Ленин» және «Сары өзен» колхоздары оңтүстікке көшірілетін болды.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале