18.07.2023, 17:30
Оқылды: 49

Қарағанды облысында 14 медициналық объектінің құрылысы басталды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша айдарды жалғастыра отырып, Қарағанды облысында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы іске асырыла бастады. Бұл туралы ҚР-ның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

8155ec11e94ceaeccf9d798a6f315b09_1280x720

Ұлттық жобаның шеңберінде 2023-2024 жылдардың  ішінде 655 медициналық объектіні салу, аудандық ауруханаларды көпбейінді медициналық мекемелер деңгейіне дейін жаңғырту, мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі және ауыл тұрғындарын скринингпен қамтуды ұлғайту, елді мекендерде медициналық ұйымдардың базасында дәріхана пункттерін құру, кадр мәселелерін шешу және ауылда медициналық көмекті дамытудың басқа да бірқатар бағыттары жоспарланған.

2023 жылға 99, оның ішінде Қарағанды облысында  14 медициналық объектінің құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлінді.

Бүгінгі таңда барлық 14 объекті жер жұмыстары сатысында (іргетастың негізін дайындау). Ұлттық жобаға сәйкес Қарағанды облысында Бұқар Жырау ауданының Қарақұдық, Новоузенка, Ақтөбе, Қарқаралы ауданының Томар, Ақжол, Татан, Н.Қайрақты, Жұмыскер, Таглин, Босаға, Көктенкөл, Киікті, Бұрма ауылдарында және Шет ауданының Ақшатау ауылында,  сондай-ақ  Ақтоғай ауданының Ақжарық ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале