8.01.2024, 10:45
Оқылды: 69

Қарағандыдан жеңіспен оралды

Қарағанды қаласында шағын футболдан «Nomad futbol ligasy» турнирі өтті. Еліміздің бірнеше қаласының жас аяқдоп шеберлері күш сынасқан жарыста өңір намысын Жәнібек ауданының 2012 жылы туған футболшылары қорғады.

05b31e8f-11c8-4171-a1e1-1e7c0d07f0ab

Өз тобында астаналық «Элита» футбол командасына 19:0, Қарағанды қаласының атынан шыққан «Дерби» клубының ойыншыларын 4:0 және тағы бір астаналық «Арыс» командасын 3:2 есебімен жеңген жәнібек футболшылары ¼ финалда Алматы қаласының «Умар» командасын 13:0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша жартылай финалға оңай жеткен жәнібектік ойыншылар жарыстың бұл кезеңінде Қарағанды қаласының «Асылбаев» футбол клубының футболшыларымен күш сынасты.

8c7b796f-63d7-4267-88df-96cfb91f8429

Ойынның бірінші бөлігінде тірескенімен қарағандылық команда екінші таймда осалдық танытты. Қарсылас қателігін сәтті пайдаланған жәнібектіктер 4:1 есебін тіркеп, финалға берілер жолдаманы қанжығалады.

46b4b0d3-4df5-457e-8397-c0c982a3c546

Финалда өзінің байырғы қарсыласы астаналық «Арыс» командасымен тағы бір күш сынасты. Тартысты өткен ойын қорытындысында жерлестеріміз қарсыласын 3:2 есебімен жеңді. Ал команданы алға сүйреген Есімжан Есімғали турнирдің «Үздік қорғаушысы» атанды. Ауыл балаларын футболға баулып, аяқдоптың ауданда кең етек жаюына атсалысып жүрген Аманжол Есенов пен Дастан Әбдірешевтен тәлім алатын Жәнібек ауданының жас футболшылары әлі талай доданың алдын бермесіне сенім мол.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале