13.04.2020, 21:36
Оқылды: 69

Карантин кезінде қала тұрғындары саяжайға бара алады

Орал қаласы мен облыстағы саяжайшылардың карантин кезіндегі қозғалыс алгоритмі жасақталды. Қала әкімі Абат Шыныбеков бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте осылай деді. Яғни карантин кезінде қала тұрғындарына қала ішіндегі және сыртындағы саяжайларға сенбі және жексенбі күндері баруға рұқсат етілді.
9FAB086A-642E-4CB3-ACD2-D44C62A45752

Орал қаласы аумағында 176 (28 000 учаске) бау-бақша серіктестігі болса, оның ішінде тұрақты жұмыс істейтіні - 150 ( 20 000 учаске).
Бау-бақша серіктестігінде тұрақты тұратын тұрғындар саны - 18 000 адам, яғни 5,8 мың отбасы.
Абат Абайұлының айтуынша, саяжайшылардың қозғалыс алгоритмі төмендегідей.
Біріншіден, ТЖ жедел штабымен келісе отырып, "Орал қалалық бау–бақша қоғамы" қоғамдық бірлестігі азаматтардың, атап айтқанда Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан қарапайым бау-бақша серіктестіктерінің мүшелері мен қатысушыларының қозғалысын ұйымдастыруға жауап береді.

Екіншіден, азаматтардың қалыпты қозғалысын қамтамасыз ету және бақылау процесін оңтайландыру үшін, Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан қарапайым бағбандық серіктестіктердің мүшелері мен қатысушыларын үш топқа бөлу ұсынылады.
Бірінші топ - бұл инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және саяжай массивінің аумағында, Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан қарапайым бағбандық серіктестіктердің аумағында бағбандар тұрмысын ұйымдастыру шеңберінде қажетті жұмыстарды орындауға жауапты болатын азаматтар кіретін жұмыс тобы.

Екінші топ - бұл саяжай массивінің аумағында, атап айтқанда Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан қарапайым бағбандық серіктестіктердің аумағында тұрақты тұратын азаматтар.

Үшінші топ - бұл саяжай массивінің аумағында, атап айтқанда Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан қарапайым бағбандық серіктестіктердің аумағында жер учаскесі бар, бірақ тұрақты басқа жерде тұратын азаматтар.

Қозғалысты оңтайландыру үшін Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан қарапайым бағбандық серіктестіктердің мүшелері мен қатысушыларының қозғалысын ұйымдастырудың келесі нұсқасы ұсынылды.
Бірінші топ қажеттілігіне қарай кез келген уақытта қозғалуға құқылы

Екінші топ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажеттілігіне қарай рұқсат етілген сағаттарда күн сайын қозғалуға құқылы.

Үшінші топ тек сенбі және жексенбі күндері, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүруге құқылы.

Жоғарыда көрсетілген тізімдерді қалыптастыруға "Орал қалалық бау-бақшалар қоғамы" қоғамдық бірлестігі жауап береді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале