3.10.2018, 10:20
Оқылды: 60

Қарашығанақ концорциумы төлейтін өтемақы қайда құйылады?

«Қарашығанақ» Қазақстан Үкіметіне өтемақыны қалай төлейдіБұл сауалға бүгін Бүкіләлемдік мұнай кеңесі отырысы аясында өткен баспасөз мәслихатында еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

karachaganak

         «Қарашығанақ» акционерлері Қазақстан Республикасына өтемақы ретінде төлейтін қаржы 1 млрд. 111 млн. долларды құрайды. Ол келесі 3 жылдың ішінде төленетін болады. 2019 жылы 400 млн, 2020 жылы 500 млн, 2021 жылы 221 млн. доллар төлеу міндеттемесі алынған», - деді министр.

         Сонымен қатар ол Қарашығанақ жобасынан түсетін табыстарды бөлу әдістемесіне де өзгерістер енгізілетінін айтты.

         «Бұл өзгерістер болашақта Қазақстанға тағы да 400 млн. доллардан астам қаражат түсіретін болады. Тағы бір мәселе, акционерлер Қазақстан Республикасына көпжылдық кредит беруге міндеттеледі. Ол 10 жылға қолайлы пайызбен беріледі. Кредит 1 млрд. долларды құрайды. Егер біз сол кредитті алмасақ, мәселен бас тартсақ, онда акционерлер бізге сол кредиттің эквивалентті бағасын төлейді. Ол 200 млн. доллардай болады. Осы цифрларды қосатын болсақ онда келісімшартта келіскен Қазақстанға төленетін сома 1,7 млрд. доллардан астам қаржыны құрайды. Өтемақы Ұлттық қорға құйылады», - деді Қанат Бозымбаев.

Елжан ЕРАЛЫ,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале