Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Қ.Арымбек қызметтің ағымдағы мәртебесін бағалау және жобаны әзірлеу стратегиясын талқылау үшін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты арттыру және отандық өндірушілерді қолдау үшін Қарашығанақ жобасының негізгі өндірістік объектілеріне барды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жазды.
Сурет: gov.kz
Вице-министр газды кері айдаудың 6-шы компрессорын енгізу бойынша іске асыру барысымен танысты. Жоспарланған көрсеткіштер 42% болған кезде, іске асыру барысы 75%-ға жетті.Сондай-ақ, №9874 ұңғымасында екі бұрандалы сорғыны қолдану бойынша тәжірибелік жұмыстар назарға алынды.
Жобалық шешімдерді іске асыру нәтижелері және мұнай мен конденсатты өндіру жөніндегі 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды. Кен орнының Операторы сұйық көмірсутектерді өндіру деңгейін ұлғайту және ұзарту жөніндегі жобалар портфелін және Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасының мәртебесімен таныстырды.
Тауарлардың, жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) елішілік құндылығын арттыруды ынталандыратын қабылданған бірлескен шаралардың қорытындылары бойынша 2024 жылы Қарашығанақ жобасында 2024-2029 жылдарға арналған жергілікті қамту бағдарламасы әзірленді және бекітілді, оның ішінде:
- ұзақ мерзімді келісімшарттар (2024 жылы жергілікті компаниялармен 63 келісімшарттың 58-і жасалды; 2025 жылғы наурыздағы жағдай бойынша 9 келісімшарттың 7-і жергілікті компанияларға берілді);
- сынақ тапсырысы (2024 жылы 17 өтінімге бастамашылық жасалды, оның нәтижелері бойынша 1 келісімшарт, қалған өтініштер Оператордың жұмыс сатысында);
- Қазақстандық тендер (2024 жылы 1 келісімшарт жасалды);
- Жоба шеңберінде сатып алынатын өнімді жариялау үшін отандық компанияларға техникалық вебинарлар жүргізу (2024 жылы 8 вебинар өткізілді; 2025 жылы 2 вебинар өткізілді).
Сапар барысында вице-министр жобалық шешімдерді орындау мен сақтаудың, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде озық технологияларды енгізудің маңыздылығын тағыда атап өтіп, Оператор жүргізетін сатып алуларға қазақстандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілерді барынша тартуды қамтамасыз ету, оның ішінде жаңа өндірістерді құру және/немесе қолданыстағы өндірістерді жаңғырту, сұранысқа ең көп өнімді шығаруды оқшалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу жөніндегі қажеттігіне назар аударды.